Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  86


Автор: Рза Қунақова

Біз тұрдық қайықта теңселіп...

Біз тұрдық қайықта теңселіп,
Айлы түн, теңіздің жағасы.
Келеміз толқынды еңсеріп,
Мүлгиді кипарис ағашы.
Жиекке ақ толқын асылып,
Жарқ етер ақ төсі балықтың.
Көрмеген ешкімге бас ұрып,
Сыры көп теңіздей алыптың.
Жəйменен бір əнді бастадым,
Үстінде отырып қайықтың.
Ой туып жаңадан баста мың,
Кірбіңнен серпіліп айықтым.
Айлы түн, теңіздің жағасы,
Əскердей тізілген қарағай.
Ұйқыда орманның ағашы,
Аспанда бұлт сүзіп тұрады Ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу