Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  82


Автор: Рза Қунақова

КӨКТЕМ КЕЛДІ

Көктем келді, су ақты,
Қырда алғашқы гүл шықты.
Əжем отыр шуақтап,
Айналдырып ұршықты.
Көктем келіп, су ағып,
Тасқын енді басталды.
Қалқалап күн шуағын
Бұлт көзінен жас тамды.
Көктем келді, оралды
Қарлығаштар қайтадан.
Дала гүлге оранды,
Бұлбұлдар да айтады əн.
Көктемнің той, думаны
Тоғайда ерте басталды.
Алқызыл гүл тулары
Тамсандырды аспанды.
Көктем екен күн күлген
Аймағымның ажары.
Көктемде екен, кім білген,
Сұлулықтың базары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу