Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  77


Автор: Рза Қунақова

Жолыңда сенің кездеспесінші кедергі...

Жолыңда сенің кездеспесінші кедергі,
Төмендетпесін дұшпан сендегі беделді.
Қарлығаш болып қанатымен су сепкен,
Қорғаның болып мəңгіге қалам мен енді.
Құрса да дұшпан саған арнап торын мың,
Нажағай боп сарт-сұрт жібін үзермін.
Адасқан болсаң, бақытыңның жолын мен
Іздеп тауып, бағытыңды түзермін




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу