Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  69


Автор: Рза Қунақова

Білмедім, түсінбедім, біле алмадым...

Білмедім, түсінбедім, біле алмадым,
Іске аспады-ау ойлаған бір арманым.
Жанымды ақ қағаздай жайып салып,
Мен саған жүрегімнен жыр арнадым.
Сағымдай шілдедегі жеткізбедің,
Өткел жоқ, көпіріңнен өткізбедің.
Қақпасын жүрегіңнің аша алмадым,
Сол жетер, бұдан артық көп тізбедім.
Қайтардың сөйтіп менің меселімді,
Білмедім көпке дейін кеселіңді.
Мансапқа масаттанып жүргеніңді
Аңқылдақ ақын жаны сезінбеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу