Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  81


Автор: Рза Қунақова

ӨМІР МƏҢГІ ҚҰЛПЫРАР

Сен келгенде дүниеге күлімдеп,
Шаттанады ата-анаң «гүлім» деп.
Дəл сол күннен басталар бір тіршілік,
Жетелеген ұлы өмірге біртіндеп.
Тереземнен сығалайды таң күліп,
Уіліңмен үй тұрады жаңғырып.
Отырады əжең əнмен тербетіп,
Əр сөзің мен қызығыңды əн қылып.
Бірге ойнап, бірге күліп шалқиын,
Тыңдап өс сен аналардың əн-күйін.
Шақырады сені нұрлы болашақ,
Қаз-қаз тұршы, ақ тілеуім – əлдиім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу