Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  68


Автор: Рза Қунақова

Тас мүсіндей тұрып қалдым кіріп кеп...

Тас мүсіндей тұрып қалдым кіріп кеп,
Альбом жатыр парақтары ашылып.
Отыр екен суреттерді ол іріктеп,
Жансыз бейне жерде жатыр шашылып.
– Ал мынаны тастайыншы отқа мен, –
Деді ол маған:
– сені қиып алайық, –
– Сəл ойланып, сабыр етші, тоқта сен,
Тастама өзін,
бірге екеуміз жанайық!
Суретке қатар қарап қалдық тесіліп,
Таныс бейне жалынғандай қадалды.
Деді: – əйтпесе, тастайыншы өшіріп...
...Жарамайды ұмыту дос адамды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу