Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  107


Автор: Рза Қунақова

ЕКЕУМІЗ МƏҢГІ ЕГІЗБІЗ

Көктемсің Қырымдағы,
Неваның ақ таңысың.
Сəуле – күн нұрындағы,
Көкшенің бақтарысың.
Сен батыр арманысың,
Семсердей сертте сынған.
Сұлудың жан-жарысың,
Мерт болмай өткен сыннан.
Сен жасын отындайсың,
Бұлттардан жаратылған.
Толағай – батырдайсың,
Бағыма дара туған.
Екеуміз мəңгі егізбіз,
Сағыныш сарқылмайды.
Толқыны бір теңізбіз,
Тұңғиық – тартылмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу