Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  72


Автор: Талап Қараш

Сыр

Жасқанып екі жүзді жауларыңнан,
Құрсыншы жел ескені айдарыңнан.
«Бүлінгеннен бүлдіргі алған жаман»,
Сақтанып жүрсің енді қай дауылдан.
Ығында жүрген жаман арамдардың,
Білмейтін тірлігінде адам парқын.
Жаныма батып жүр ғой мүләйімдер,
Жыртқаны жағаңызды жамандардың.
Бір күні ашылар деп сенем көзің,
Аңғарып пенделердің көлеңкесін.
Уақытында, аға, тастаған жөн
Тағдырдың уға толы шемен безін.
Түбіне жеткен жауы талайлардың,
Ағартып қара сақал самайлардың.
Дәурені асып - тасып тұрған кезде
Түсінем, өз тағында абайлар кім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу