Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  77


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Сағымға мінген сал ғұмыр...

Сағымға мінген сал ғұмыр,
Сағыныш болып қалды бір.
Сырғыған сырсыз сараң күн,
Сарсаңға әкеп салды кіл.
Сары дала сыздар ішің шоқ,
Сары күз қарар мүсіркеп.
Сатырлап жортар аңы жоқ,
Самбырлап ұшар құсы жоқ.
Сары қурай сырнайлатады,
Сары жоннан мұңлы ай батады.
Сары жұлдыз шығып аспанға,
Сарғайып таңдар атады.
Сарыға толы сырлы өмір,
Сары құмға су да сіңген кіл.
Сары топырақ жабады,
Сарғайып қалған мүрдеңді.
Сабылып күндер кешесің,
Сағынып барып жетесің.
Солай да солай сұм тағдыр,
Сарғайып жанып, өшесің...



10 қазан 2005ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу