Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  59


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Үрей

Бағыты қалмай бастағы ойдың,
Арасындамыз асқан үрейдің.
Ертеңі үшін езілген ердің,
Жанарын толтырып жасқа дүлей мұң.
Жалықпай тегін сауға сұраудан,
Қоя білмедік алға асыл арман.
Сорға айналып солғындап барады,
Көркемдік көшіп жап-жасыл шардан.
Нулар азайды, сулар құрыды,
Өзіміз байладық сынға ғұмырды.
Жамылғы кетіп жапан даладан,
Адуын боран қуған құмыңды.
Қасіреттерді еркің істеген,
Сезбейді өкініш өртін ішпеген.
Шанда бір ғана жылтылдап жанар,
Қарайды алға қорқынышпенен.
Жер шарындағы несіп көрінген,
Біздер – құрттармыз тесіп-кемірген.
Болашақтың зор дерті қарайды,
Аспанның жыртық-тесіктерінен.



Қазан 2003ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу