Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  81


Автор: Толқын Қабылша

БОЛМАДЫМ НЕГЕ КӨРІПКЕЛ?

Іңкәрлік пе едің?
ізеті жаннан өшпеген,
құштарлық па едің,
от болып бірге кешпеген?
Қаламның ұшы – сағынышыммен боялып,
Тағы да, міне, мазалап отыр ескі өлең.
Ескі өлең,
әлде, ескірмей жүрген естелік,
Елең-алаңда, екеуміз неге хош дедік?
Ерте көктемгі жауқазынға ұқсас жанымды,
Жабырқадың ба, кеш көріп?
Сеп болдың сосын,
Сергелдең мұңның бәріне.
Сезімсіз кешкен ғұмырдың білмен, мәні не?
Жалғыз-ақ сөздің болғанмен ауыр үкімі,
Жанарың бірге әлі де.
Елестеп бейнең,
көшеден, кейде көліктен.
Күн кешіп келем, кездейсоқтыққа сеніп мен.
Сен келер күнді, болжай алатын бір сәтте,
Болмадым неге көріпкел?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу