Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  75


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

ЭЛЛЕГИЯ

Келмеске кеткен күнді ойлап,
Жабықпа жүрек бекер тым!
Тұңғиық ойға шым бойлап,
Миғұла болып кетерсің...
Таулардың жауып басын қар,
Туындап жанда сан арман!
Сүйгенің жерде жоқ шығар,
Қиялдан ғана жаралған.
Жаба бір бүркеп,
Жүдейді ер,
Жандағы мұңды жасырып!
Бақыттың басын біреулер,
Батпаққа жүр ғой батырып..
Бақыт жоқ десе,
Сенбедік!
Тыншытпай жанды қойды арман.
Іздедім оны сенделіп:
Серуеннен,
Топыр тойлардан...
Қылыштай болып,
Қырланып,
Бақтарда бақты сынағам...
Ақын боп алғаш жыр жазып,
Бір қызға мен де ұнағам!
Жалынды-жалын шарпыды,
Зырлады күндер сезіммен.
Оп-оңай тапқан алтынды,
«Арзандау шығар» – дедім мен.
«Сол ғой!.. – деп,
Сол!» – деп тағы да...
Ұмтылып едім бір қызға,
Қол созған сайын жеткізбей,
Айналып кетті ол –
ЖҰЛДЫЗҒА...
АСПАННАН –
Талай ай аунап,
Жайлауым жатыр ел көшкен...
Арманым болсаң аялап,
Айналып,
Аяп келмес пе ең!
Көзімнің жасын көрмес пе ең...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу