Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  80


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Ұждан

Құба түзге құлазумен қарадым,
Аяқ зілдей, көксоқта боп балағым.
Қарыс жерім басуға мұң сияқты,
Бауырындай жар тіреген шананың.
Жалған дүние бір тырнағын батырар,
Ал біреуін жең ішіне жасырар.
Айнымаймын адалдықтың алдында,
Түбінде олар ақиқатқа бас ұрар?!
Барандана бастағасын көңіл – гүл,
Кей қастарым қорқаудайын торып жүр.
Сұңғыла ұждан тұр көтеріп найзасын,
Алдында оның дұшпан тұрмақ өлім – құл!!!



Мамыр 1999 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу