Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  75


Автор: Сәруар Қамаева

ҚОРҒАЛЖЫНҒА БАРҒАНДА

Үлебай ақыны екен Орта жүздiң,
Дүйсенге сырын айтқан орыс қыздың.
Сағынышты ғұмырдың сәулесiндей,
Өлеңнен алқа тағып, маржан тiздiм.
Ежелден аңыз болған Мәриям елi,
Деп салған Дударайға әншi-серi.
Төгiлткен қос iшектiң шежiресiн
Күйлерiн күмбiрлеткен Кенжебегi.
Ұрпағы елiндегi Құлтуманың,
Ұғарсыз замандастың жыр туғанын.
Қасиеттi Қорғалжын топырағында
Белгiлi Құлтумадай ұл туғаны.
Кiм ермес жалған дүние жетегiне,
Ақиқат қас қағымда өтерi де.
Жеткiздiм жүрегiмнiң жыр сәлемiн
Киелi махаббаттың мекенiне.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу