Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  92


Автор: Сәруар Қамаева

ОЙЛАДЫМ...

Сағынып келер деп,
Сезiмге бөлер деп,
Өлеңiн төгер деп ойладым.
Асығып жетер деп,
Жауындай нөсерлеп,
Селдетiп өтер деп ойладым.
Жырымның аясы,
Жанымның саясы,
Сөзiмнiң сарасы болар деп ойладым.
Төсiңде дамылдап,
От болып жалындап,
Сүюдi, күюдi ойладым.
Өзiңе жетудi,
Көрiп бiр кетудi,
Қасыңнан өтудi ойладым.
Сындарға соншама,
Қанша ауыр болса да,
Төзудi, өзiңдi ойладым.
Үмiттi үзбедiм,
Тыншымай iздедiм,
Жыр-маржан тiзбегiн байладым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу