Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  61


Автор: Сәруар Қамаева

ОҢАША ҚАЛҒАНДА МЕН...

Ұшып барғам
Қанатсыз, арманменен.
Жылап та алғам
Оңаша қалғанда мен.
Тамшылар жанарымда
Байланып қалатындай.
Қиялым табанында
Айға алып баратындай.
Аспанды шыр айналып,
Мың ұшып, қонып жүргем.
Көңілім лайланып,
Бір мұңлық болып жүргем.
Күй кешкен әрі-сәрі
Кезімде жолықтың ба?
Тағдырдың тоғысары
Беймәлім болып тұр ма?
Қас қағым сәтте қалай
Іліндім назарыңа?
Өмірдің, әттеген-ай,
Осы ғой азабы да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу