Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  66


Автор: Сәруар Қамаева

ӨЗІҢЕ ҚАРАЙ АСЫҒАМ...

Елітіп кілең,
Сезімге бойды еріткен.
Зеріктің білем,
Үндемей қалдың неліктен?
Кездескен тосын,
Өзіңе ынтық көңілім.
Кеткен бе осы
Жүрегім екі бөлініп?
Сөзіңді қалай
Ұмытам жүрек жылытқан?
Төзімді солай
Шығарып алдым құлыптан.
Нөсерлеп құйған
Жауындай бейне тасынам.
Үзілген бұйдам,
Өзіңе қарай асығам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу