Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  82


Автор: Сәруар Қамаева

ЖЫРЫМНЫҢ ЖАСЫН ЖАРЫҒЫ

Тараған бойға жылыстап
Сезімнің сыры беймәлім.
Төсімде қалған тыныстап
Деміңді жатқа қимадым.
Күткен бір сәттер өзіңді
Сағыныш болып түзілді.
Тауысып тағат-төзімді,
Жанардан жас боп үзілді.
Қалмады айла-шарығым,
Кеудеге жүрек сыймады.
Жырымның жасын жарығын
Өзіңе, жаным, сыйладым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу