Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  73


Автор: Сәруар Қамаева

КІМСІҢ, СЕН, АЙТШЫ...

Сезімдер сізге жосылған,
Сездіре алмай тосылғам.
Кездескен маған тосыннан,
Кімсің сен, айтшы, тосын жан.
Табылмай жауап сұраққа,
Түседі санам сынаққа.
Жадау ойлар жаныма
Маза бермейді бірақ та.
Ағылған жырлар жосыннан,
Атқылап жүрек басылған.
Бейкүнә бейнең бейуақ
Кетпей де қойған қасымнан.
Жадылап жанды қоймадың,
Сезімге терең бойладым.
Жарқ ете қалдың жасындай
Жүргенде кезіп ой бағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу