Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  90


Автор: Сәруар Қамаева

СЕН МЕНІ ҰМЫТА АЛМАЙСЫҢ

Сен мені ұмыта алмайсың, білесің бе?
Кездескен күндер әлі жүр есіңде.
Жырыммен жүрегіңнің төріндемін,
Лақтырып кетсең-дағы күресінге.
Сен мені ұмыта алмайсың...
Сен мені ұмыта алмайсың,
Бір хабар бермесең де,
Жақын болып жаныма,
Іздеп мың келмесең де.
Өлең бейне өзіңді шыр айналар,
Ай-апталар жүзімді көрмесең де.
Сен мені ұмыта алмайсың...
Сен мені ұмыта алмайсың,
Телефон шалмасаң да,
Ақылмен сезімді сан алдасаң да.
Өткен күнде белгі жоқ, дегенменен,
Өлең-от өзекті өртер анда-санда.
Сен мені ұмыта алмайсың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу