Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  91


Автор: Сәруар Қамаева

САҒЫНЫШ - САРЫ ЖАМЫЛҒЫ

Сұп-суық бөлме, сыз төсек,
Қойғандай бейне мұз төсеп.
Жылыта алмай келемін
Жүректің отын жүз көсеп.
Сағыныш - сары жамылғы,
Тынысым мүлде тарылды.
Өзіңе, жаным, жете алмай,
Шарқ ұрып көңіл сабылды.
Айқара ашқан құшағың
Төзімнің үзген тұсауын.
Бір ұшып көкке, бір түсіп,
Қарманып қиял құшамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу