Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  66


Автор: Сәруар Қамаева

БІЛЕ АЛМАДЫМ...

Біле алмадым, солсың әлде басқасың,
Дауысыңа түрлі әуен тұр астасып.
Көре алмайсың қанша қарап тұрсаң да,
Телефонның түймесінен басқасын.
Біле алмадым, қарап тұрсың қай жаққа,
Әлде маған, әлде бүкіл аймаққа?
Ағытылса жыр-тұлпардың тұсауы,
Ұстай алмай қаламын-ау, байлап та.
Біле алмадым, басқасың ба, солсың ба?
Беймаза ой жыр жазғызбай қойсын ба?
Көңілімде қалықтасын көк кептер,
Айдыныма ақ шағала қонсын да.
Біле алмадым, солсың әлде өзгесің,
Қиялменен шартарапты кезгесін.
Жасырып қой жүрегіңнің түбіне,
Бұл сырымды тірі пенде сезбесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу