Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  134


Автор: Сәруар Қамаева

КӨЗІЛДІРІК

Сыналап қарап тұрар көзілдірік,
Сүлелеп кеткенімде көзімді іліп.
Сылаң ой сыбдырына құлақ түріп,
Дегендей керек бір сәт төзімділік.
Ол рас, төзімімді тауысқаным,
Сезімнің серісімен қауышқаным.
Көгінен көңілімнің бұлттар көшіп,
Көлеңкем күнгейіммен ауысқаны.
Сыңар жақ, сыналаған көзілдірік,
Тұрсың-ау бар сырымды өзің біліп.
Тосылып тағдырыма төзім қылып,
Қалайша қалдырамын сезімді ұмыт?
Дамылдап тұрғандайсың тыным алып,
Сыңар жақ бірі түсіп, бірі қалып.
Құпия сыр бөліскен қос айнаңды
Жүрейін жүрегіме іліп алып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу