Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  90


Автор: Сәруар Қамаева

ҰМЫТҚАН ЖОҚПЫН...

Ұмытқан жоқпын
Хаттардың сонау тізбегін.
Жастықтың жарқын
Белгісін содан іздедім.
Қызғалдақ гүлдей
Ертелеу шығар көктемде.
Кеткенмін білмей
Еркелеу шағым өткенде.
Пәк сезім бойда,
Хатыңа талай құйылған.
Болмапты ойда
Құрады-ау деген қиыннан.
Қиюын таппай,
Боларсың, бәлкім, қиналған.
Қалайша айтпай
Қаламын сырды жиналған?
Сезімің мөлдір,
Өтсе де жылдар арадан.
Есімде сол бір
Хаттарың бетін санаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу