Өлеңдер ✍️

  04.09.2022
  108


Автор: Жандарбек Жұман

Әке

«Құлазу» қайығы...көз жасы-ескегі,
Баратын жерлері «Арманның» аралы.
Күрсініс мендегі үмітті не істеді?!
Ол қазір-жаралы...

Айнала тас керең, мойынын бұрмайды,
Көшелер-ұрлайды күлкісін халықтың.
Бір уайым біткенде шығады бір қайғы,
Бұл қашан бітеді?! Жалықтым...

Ықылас,ынтаны алыста қалдырдым,
Ырысын жоғалтып алған да ескі үйім.
Табанды тайдыра беретін тағдырдың,
Бағасы дәл қазір-бес тиын...

Басылып қалғандай «шаттықтың» екпіні,
Тұрақ қып алғанда үрейдің үңгірін.
Әкетай,ұлыңның осылай жетті үні:
-Мен бүгін мұңдымын...

...Әке!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу