Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  214


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

Ақтөбеге құстар қайтып оралды

Ақтөбеге құстар қайтып оралды,
Дүн-дүние жаңарып бір, жайнады.
...Неге мені мазалағыш боп алды,
Өткен күндер, қайдағы мен жайдағы?
Көзіме ыстық ақ қайыңның түбіне,
Жақын келіп отырсам мен жүрелей.
Куә болған менің ғашық күніме,
Анабір құс шықылықтап күледі-ей.
Күлсе күлсін, одан, сірә, нем кетті,
Құсқа күлкі болған жалғыз мен бе екем?
Бұл да жақсы, жұрттан анау немкетті,
...Әлде осымен дос болғаным жөн бе екен?
Сандуғашым, кетпе менің көшемнен,
(Зілдей мұңға алдырыппын бекер бой).
Сенің әнің неге тәтті десем мен,
Ғашықтардың сыбырлары екен ғой...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу