Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  100


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

КЕЗДЕСУ

«Біздің жайды ұға алмайды мына күз,
(Сенбесеңіз, қарашадан сұраңыз).
Қуанғанын, қайғырғанын білдірмес,
Күзден, сірә, үлгі алатын шығармыз.
Былай қарай сен түсетін соқпақ бар,
Мына жақта мен күйетін аптап бар.
Осы жерге дейін бірге ап келген,
Жолымызды жабады ертең аппақ қар».
— деп ек кеше. Келді тағы бөтен күз,
Жолықпаймыз деппіз сонда бекер біз.
Тұрмыз тағы кездесіп қап сол жерде,
Жоқты-барды әңгіме қып екеуміз.
Сен күлесің: бәрі-бәрі тамаша,
Мен күлемін: бәрі-бәрі тамаша.
Ішін бермей түнереді қараша,
...Адам деген — сезімдердің моласы, ә?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу