Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  72


Автор: Жанат Әскербекқызы

Не қыл дейсің... не дейсің...

Не қыл дейсің... не дейсің,
Жасып қалсам-жебейсің
Жер жастансам-жақынға
дұғай сәлем дегейсің.
Жыламайын... жұбатпа,
жалғыз қылма бірақ та,
Алтын басым-асқақтау
ұнамайын... ұнатпа!!!
Мың тірілдім... мың өлдім,
Сан тұйыкқа тірелдім.
аямашы, өтінем,
онсыз да өмір сүрермін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу