02.09.2022
  134


Автор: Жанат Әскербекқызы

Түн...

Түн...
Жұбатар бір жан іздеп келемін,
Қабағы салқын күзге өкпеледім.
Қараңғылықты қарашыққа іркіп,
Қарауытқанды сіз деп көремін.
Түн...
Адастырады, алдайды мені,
Көздерін менен алмайды көгі.
Құмығып қалған үнімді сізге
Мұңайған желдің жалғайды демі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу