Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  58


Автор: Ұлықбек Есдәулет

БIР КӨРЕМ ДЕ

Бiр көрем де бiреудi сүйiп қалам,
Оянады сезiмiм ұйықтаған.
Өзiмдi-өзiм тежеймiн есiм кiрiп,
Жүрегiмнен өзiмнiң биiк болам.
Жүрек, бiрақ көне ме басынғанға,
Бой бермейдi-ау күргейлеп жасырғанға.
Ғашық болған қыздарым ғұмыр бойғы,
Тiптi менiң көп шығар шашымнан да.
«Жыр арнашы маған да жiгiт болып», –
Дейдi жарым кей күнi күлiп келiп.
Дәптерiмнен бiр өлең оқи қалса,
«Кiмге жаздың?» деп сұрар күдiктенiп.
Жырларымды жаба сап ашық қалған,
«Саған» деймiн сүреңмен сасып қалған.
Оңашада өзiмдi қолыма алам,
«Ғашық болман ендi деп, ғашық болман!»
Қайда, бiрақ?..
От болып бұла денем,
Тағы дегбiр қашады мына менен.
Ала жiптен, алайда, аттау қайда, –
Батырды да қорқытар күнә деген.
Түсiн, жаным, бәрi тұр реңiмде,
Сен сенбесең серi боп жүремiн бе?
Ақындардың ақылы басында емес,
Ақындардың ақылы жүрегiнде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу