Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  45


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Шап десе топқа шабатын...

Шап десе топқа шабатын,
Қап десе көпті қабатын –
Қанден;
Сат десе анасын сататын,
Ат десе атасын ататын –
Зәндем:
Біреуі өніп егізден,
Біреуі өрбіп сегізден,
Малғұн менен миғұла
Ит пен шошқа емізген!
Көшеліге – ауа жоқ,
Кещелікке дауа жоқ:
Білім берсең – отқа айдар,
Билік берсең – оқ сайлар,
Бишік берсең – қақпайлар...
Біз – бәрібір шоқ шайнар!?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу