Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  51


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Өз қазағым өз жерiмде оққа ұшып...

Өз қазағым өз жерiмде оққа ұшып,
Өртенемiн өзегiме шоқ түсiп.
Өрлiгiмдi қай қапасқа қамайын,
Өкiнiштен өлер болдым, ағайын,
Өздi өзiмнен өрекпимiн кек қысып!
Зая күндер зымыраса қайғы алып,
Запыранды зарын төккен қай халық?
Зар илетiп заһар заман зымыстан,
Зығырданды қайнатты ғой, туысқан,
Заңсыздықтар заңдылыққа айналып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу