Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  61


Автор: Мақпал Жұмабай

Сел-семей сезім барын

Сел-семей сезім барын
Сезіне білу – бақыт.
Мен сені аялаймын
Сол үшін, ұлы уақыт.
Сағаттар Сыр боп аққан,
Сендік іс – елдестіру.
О, сенің мұратың ба ед,
Біздерді кездестіру.
Сен маған неге ыстықсың,
Сезімнің тұнығы ма?
Жердегі барлық жүрек
Іздейді жылы ұя.
Аспанды, мұхиттарды,
Кеземін сахараны,
Өйткені, жолдың бәрі
Өзіңе апарады.
Күлкім мен еркелігім,
Менікі – сол ұғымдар.
Бір-бірін іздегендер
Тезірек жолығыңдар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу