Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  77


Автор: Мақпал Жұмабай

Көктеммен келіп көшкін боп...

Көктеммен келіп көшкін боп,
Күл-талқан болған ешкім жоқ.
Тұлпар күндердің тұсауын
Тұрады кейде шешкім кеп.
Ермейді санам үгітке,
Хат жазбай қойдым жігітке.
Тербеттім тұнық жанымды
Үлпілдеп тұрған үмітке.
Сұғанақ жұрттың сөздерін
Елемей жүрер кездемін.
Мен емес, менен өткірлеу
Сірә да, менің көздерім.
Мәймөңке күндер, ез күндер,
Жеңілмейтінімді сездіңдер.
Мен күлім жүрем,
Сен барда,
Сен барда, сұлу мезгілдер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу