Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  50


Автор: Мақпал Жұмабай

Найзағайдың басып күр-күр демін...

Найзағайдың басып күр-күр демін,
Құйшы-құйшы менің нөсерлерім!
Сол күні мен жалаңаяқ шылп-шылп
Кешейін бір суын көшелердің...
Жапырақпен жаным егіз Үндемедім.
Бақбақтың да үпілдіріктерін үрлемедім.
Анашым-ей, тауға апаршы мені
Көргім кеп жүр арша бүрлегенін.
Қарлы таудың мұңдарындай сол бір,
Қабағымның астында да ой жүр.
Жүрегімнің кірпіктерін сілкіп,
Жіберейін
Сен де сілкін, ей, жыр!
Найзағайдың басып күр-күр демін,
Құйшы-құйшы менің нөсерлерім!
Сол күні мен жалаңаяқ шылп-шылп
Кешейін бір суын көшелердің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу