Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  74


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Жаныңа ауыл – жұмбақ балдай жағып...

Жаныңа ауыл – жұмбақ балдай жағып,
Бағың да ілгеріпті шамдай жанып.
Сонан боп ұмыта қапсың өткен күнді,
Жүретін шеке ісіріп, маңдай жарып.
Бұл күнде кеудең шалқақ, қойның мығым,
Айнымай өзі бопсың толымдының
Кешегі қан сөл жоқ іреңің де,
Өзіне ұқсай қапты тобылғының.
Болар ма байлық-мыстан мыс тырнақты,
Орныңда тəтті əзілдің мысқыл қапты,
Ой түсіп алаң – ашық алақаның
Мінезің қымыздықтай қышқылдапты
Алтын күн табыспенен терлеп батып,
Таңменен оянса екен еңбек – бақыт!
Өзіңдей өзімшілдік кеселінен,
Ауылым кетпесе екен кермек татып




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу