Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  99


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Төсеген еденіне қалы-кілем...

Төсеген еденіне қалы-кілем,
Кең дала – малшылардың залы, білем.
Туыс ол алыс-беріс ағайындай
Əлемнің тау дейтұғын алыбымен.
Сол залда бестүліктің басын қосып,
Алдына алуан түрлі асын тосып.
Жүреді сел жамылып селт етпестен
Үстінен өтсе дағы жасын жосып.
Жазғы таң оянғанда шырым алып,
Отары соны өрісте шынылып,
Қаз-қатар төбелерді отырғызып,
Сөйлейді ол шың – мінберге шығып алып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу