Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  58


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Туған ел, туған жерге

Сенің нұрың – жанымда аққан ағын,
Сенде жанған, туған жер, бақ талабым!
Сеніменен баймын да бақыттымын,
Сеніменен өзгеге мақтанамын.
Сенің əнің жасымнан жаттағаным,
Сенің жырың жүректе баптағаным,
Сенің күйің кеудемде күмбірлеген.
Дəл өзіңдей шалқимын шаттанамын.
Сағыныш боп сарымайдай сақтағаным,
Алыстасам тозуға шақ қаламын.
Боз інгеннің боздаған ботасындай,
Ақ төсіңді аймалап сап табамын.
Сен тұрасың алдымда қорғандай боп,
Болмасаң да əйгілі, болғандай боп.
Тауыңменен тайсалмас тасыңменен,
Көрінесің сыңсыған ормандай боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу