Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  96


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Қайтпайсың, бірақ, үйге, сен – анашым

Қайыңның қарға малып толарсағын,
Қыс келіп, дірілдеген қонар сағым.
Қайтпайсың бірақ үйге, сен – анашым,
Жатасың көбейтумен томар санын.
Қыстан соң өмірге гүл– көктем енер,
Құлпырар ақ төбелер, көк төбелер.
Қайтпайсың бірақ үйге, сен анашым,
Қол жайып тілесем де көктен егер.
Кешікпей жаз келеді қаз қыдыртып,
Толқырмыз қадалғанда назды кірпік.
Қайтпайсың бірақ үйге, сен анашым.
Жүрермін мен көзімнен моншақ теріп...
Шабыттан өлең алсам ойға сатып,
Арманым шатқалдарды бойласа тік.
Сонда да қайтпайсың ба үйге, анашым,
Мүмкін мен үйленермін той жасатып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу