Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  94


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Бай үйдің сыйлы сырмақ, төсегінде

Бай үйдің сыйлы сырмақ, төсегінде,
Созылды қонақ болу неше күнге.
Қаншама əн айтылып, күй тартылды,
Білген жоқ қош көңілдер есебінде.
Қонақтар жасап бір күн жол қамдығын,
Думанмен көңілдері толғандығын.
Білдірді Құлыбайға қайту жайын,
Сыйына риза-қош болғандығын.
Құлыбай деді:
– Сүке, кешіріңіз?!
Қашан да ашық көңіл есігіміз.
Қызығын қоңыраттың бір жыл көрдім,
Не болмақ қалауыңыз, шешіміңіз?
Алыңыз болса сізге жарайтыным...
– Жоқ– деді Сүкең–ешбір қалайтыным...
Адалын, ақ көңілін айтты ашып,
Қоңырды бақытына балайтынын.
Деді сал сөз аяғын тосып келіп:
– Болыңыз жанымызда көшіп келіп.
...Қонағын риза етіп аттандырды,
Қоңырға қоңыр жорға қосып беріп.
Көп заман...
Ұрпақ алғыр. Ата мықты.
Болыпты тілеу қабыл, бата құтты,
Айдала, айсыз түнде қалықтаған,
Сылқым күй «ТЕЛҚОҢЫР» боп аталыпты...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу