Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  103


Автор: Байыт Қабанұлы

КЕЗДЕЙСОҚ КЕЗДЕСУ

Ала-құла мына өмірде не кез келмес пендеге,
Жалаң аяқ жолға шығып,
қос-қосымен арғымақ ат қаңтарасың кермеге.
Үлкен қала және үлкен қонақ үйі
бір топ ақын демалыста жатыр едік жағдайымыз
жарасып,
Ақын досым: «Қазақтың бір қара көзді келіншегі
ата жолдан адасып,
Шеттен келген қонақтарға
«қонақ» болып жүр екен» - деп
шашын жұлып ыза боп келді бөлмеге.
Кім тезге сап түзетеді өз бетімен ағылатын
қыңыр-қисық өмірді,
Әйткенменен адам кейде әуіре боп
жатпаушы ме ед ақ етпекке көмірді.
Үлкен қала, қонақ үйде кім жүрмейді,
дегенменен мені де сол пендешілік түртті ме,
Жолдасымның «ҚАЗАҚ ӘЙЕЛ» деген сөзі
елеңдетпей қалдырмады көңілді.
Сөйтіп әлгі келіншекті көрмек үшін
біз де бардық сайран сарай залына,
Әне жерде, міне жерде әркім отыр
қос-қосымен шарап ішіп ақтарынан жарыла.
Отырыстық, шарап алдық
сол ортаның салт, заңына бағына,
Ағылшынша сыр шертіскен
енгезердей сары жігіт пен
әлгі қазақ келіншектің жақынырақ жанына.
Дөп-дөңгелек келбеті бар пісте мұрын...
сұлу әйел сұлулықтың үлгісі екен ақ маңдай,
Бастабында елемеген секілді еді бір уақта ол
бізге қарап елең етті
жусап жатқан қойға қасқыр шапқандай.
Мен де дереу тани кетіп «ӘЙБӨПЕ» деп сыбыр
еттім, жоғымды іздеп тапқандай,
Көп жылдардың алдындағы өкінішті
бір тарих көз алдыма елестеді
кәзір болып жатқандай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу