Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  55


Автор: Хамит АЙДАРҰЛЫ

ДӘРМЕН

Зулайды көліктер,
Болжайды болашақ, жол шеті-көріпкел.
Қатігез қаланың қайырсыз мақамы,
Ойнайды әлде бір әуенге еріккен...
Сүмбіле құлаған,
Өкініп алқара, өксіген, жылаған...
Мен оны жұбата алмадым, себебі –
Мені де жоқ еді жұбатқан бір адам.
Құлазып тал-қайың,
Қамыға сұрайды қараша хәл-жайын.
Мен оған беретін жоқ еді жауабым,
Белгілі онсыз да өзімнің жағдайым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу