Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  52


Автор: Хамит АЙДАРҰЛЫ

ЖОЛ

Үнсіздік құшағынан төгілер мұң,
Әлдене бөгегенде жолын ердің.
Самалға басын изер қурайлар да,
Қоңыр дөң мекені деп өлілердің.
Пенде үшін ақ түсті өлім жұмбақ,
Өтіп кетер бес-ақ күн өмір зулап.
Уақыттың есіме алсам өктемдігін,
Шақырады қоңыр кеш қолын бұлғап.
Қу тіршілік жетелеп сорға қарай,
Қамады өмір дейтін торға да оңай.
Мен қашан түсіп алғам мына тұрған
Өлілерге апарар жолға қарай?!
Айта алман бұл сапардың жол кесімін,
Күтермін көп көктемнің кездесуін.
Мен бұл жолды өмірдің жолы етермін,
Тербететін әлемнің жер-бесігін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу