Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  80


Автор: Есләм Зікібаев

БАЛА ОЙЫ

Қар жауып,
Қыс түскен жаңадан,
Талғатжан келді ойнап даладан.
Қалдырып кеткендей қимасын,
Шешпестен тұр əлі пимасын.
Түбіттен тоқыған қолғабы,
Малмандай су бопты ол дағы.
Ойынға құмары қана ма,
Көңілі əлі де далада.
Деді ол бетіне қан ойнап:
– Апажан келейін тағы ойнап!
Деді ана:
– Қоя қой, құлыным,
Қызарып кетіпті мұрының.
Ананың мейірлі сөзіне
Беріліп кеткендей өзі де.
Деді ол көздері жымыңдап
– Берші, апа, тігіп бір мұрын қап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу