Есләм Зікібаев

Есләм Зікібаев (5.06.1936, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының Өрнек ауылы - 12.04.2002, Алматы) - ақын, жазушы.

1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген.
Еңбек жолы «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде басталып, одан «Қазақстан әйелдері» журналында, «Социалистік Қазақстан» {«Егемен Қазақстан»), «Жетісу» газеттерінде жалғасқан.
Бұдан кейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы, «Жалын», «Жазушы» баспаларының редакция меңгерушісі, «Кітап жартысы» — «Друг читателя» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, «Ақиқат» журналының бөлім меңгерушісі және алқа мүшесі болды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: