Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  54


Автор: Есләм Зікібаев

САҒЫНДЫҢ БА

Қиялды сабылдырып сағым-қырда,
Жаныңды малындырып жалын-нұрға
Оңаша ой қуалап кеткен кезде
Сен мені сағындың ба?
Құйғытып қиял-пырақ сағым қырда,
Кеудеңе гүлден алқа тағындың ба?
Бөгде біреу жанарын қадағанда
Сен мені сағындың ба?
Жаныңды малындырып жалын-нұрға,
Тəңірге құлдық ұрып табындың ба?
Көңілің құлазыған бір сəттерде
Сен мені сағындың ба?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу