Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  78


Автор: Есләм Зікібаев

Көктем тұрмақ, жаз тұрмақ, күзің де арман...

Көктем тұрмақ, жаз тұрмақ, күзің де арман,
көз тұнады бүгінде қызыл қаннан,
жасамайсың «ерлікті» қызынғаннан,
көзді жұмып барасың бəріне де
қаның əбден қарайып бұзылғаннан.
Өне бойың өртеніп, бұзылған қан –
басылар деп қашасың ызыңдардан,
өмір деген соқпақтың əр тұсында
жақсы, жаман... əйтеуір ізің қалған.
Ер – ЕР боп атала ма елді сүймей,
қарасаң, əулиең де тең кісіңдей,
мынау менің жанымның жыры, сыры...
тірлігімнің таусылмас белгісіндей.
Көңіл де сол – сен аман, мен аманда...
бəрін жырмен жеткізіп бере алам ба?
Кейбіреулер тəңірдің кенже ұлындай,
мына фəни жалғанда сене алам ба,
мына фəни жалғанда сене алам ба?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу