Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  67


Автор: Есләм Зікібаев

АҚЫН

Қашаннан ақын деген құдірет қой,
Құдірет қой,
Лаулаған күніге от қой.
Өрлігін,
Ерлігін де Махамбеттің
Жасындай жырларынан біліп ек қой.
Əр сөзін –
Өсиеттей ел ұғатын,
Сертіне семсерден де берік ақын.
Жаны – ақ,
Сезімі – пəк,
Досына адал,
Өлсе – өлер дұшпанға да сеніп ақын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу