Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  131


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Көршілер мейрамы

Екі Ержан, қос Ғалия, екі Гүлжан,
Көрші екенбіз ең кемі жеті жылдан.
Ата салтын сақтаған сабаздарға,
Бұрылып, келе алмайды беті жылмаң.
Бір Бақыт, бір Нағым мен бір Кәдірбек,
Қонаққа қолқалайды «қырға жүр!» деп.
Сергітіп, сыйластықпен салқындатып,
Көріктей бірін-бірі тұрған үрлеп!..
Құрбан айт, Ораза айтта, Наурызда,
Ағайын құжынайды-ау, жанымызда!..
Ірікпей, қолдағыны төгіп-шашып,
Дән риза боламыз барымызға!
Шарықтап, мұндайда бір қыр асайын!..
Бақытқа бақыт қосар түбі осы айың.
Оқытсаң, құраныңды, қол қусырып,
Жасай бер шелпегіңді жұма сайын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу