Өлеңдер ✍️

  23.08.2022
  142


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Туған жер

әні бар)
Жанға балап басқан мекен маңдайға,
Тарғыл тастар жаңғыртатын ән қайда?!
Аңқығандай жұпар лебің,
жұтар лебің алыстан,
Таңқурайдың дәмі келді-ау, таңдайға!
Қайырма:
Туған жерім,
Қызығыңа, құзырыңа табындым!
Төсіңде өткен
Бала күнді, самалыңды сағындым.
Алтын шатыр ашылғандай алдымнан,
Батар күнге балбырайтын балғын маң.
Балаусаға сүңгіп кірген,
шүйгіп кірген жылқының,
Жотасы әрең көрінетін шалғыннан.
Қайырма.
Ойға батып, ара-кідік көз жұмсам,
Елестейді қызыл изен, боз жусан.
Түсірем бе бәз-қалпыңды,
қаз-қалпыңды, қағазға,
өмірбақи өлең ойлап, сөз қусам?!
Қайырма.



1964 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу